Ыстық ауа райынан «Самара – Шымкент» автобанының бетон плитасы көтеріліп кетті

Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті. «10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр», — деді Ләззат Стамғазиева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *