Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазушылар азаймай тұр

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда кеурек өсімдігін жинап жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты.

«Шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша шара көріліп, ел аумағынан аластатты» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Атай кетейік, Түркістан облысында кеурек қазушылар бұдан алдын да ұсталған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *