Шымкентте автотұрақта тұрған көліктің үстіне ағаш құлады

Шымкент қаласы Теріскей шағынауданындағы №14 үйдің ауласында биіктігі шамамен 15 метрдей терек ағашы желдің күшімен автотұрақта тұрған автокөліктің үстіне құлады, деп хабарлайды elinfo.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған оқиға салдарынан адамдарға зақым келмеген. «Оқиға орнына қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі жұмылдырылды. Құтқарушылар ағаш кесетін бензинді араны қолданып, автокөліктің үстіндегі ағашты кесіп қауіпсіз жерге шығарып тастады», — делінген баспасөз хабарламасында. Жергілікті атқарушы органдарының тазалау мекемесінің қызметкерлері ауланы әрі қарай жинастыру жұмыстарын жүргізді. Еске сала кетейік 2022 жылғы 19 маусымда желдің екпіні 15-20 м/сек құрайтын дауылды ескерту берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *