Түркістан облысында жол сапасын бақылау тұрақты түрде жүргізілуде

Түркістан облысы әкімдігі мен «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК өңірлік филиалы биыл жол сапасын бақылау үшін 200 млн теңгенің келісімшартына тұрған. Бұл —республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Ұлттық сапа орталығы жыл басынан бері облыс көлемінде жөнделіп жатқан жергілікті жолдар мен елдімекен көшелерінің құрылысына жұмсалатын материалдардан 1022 зертханалық сынама алған. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда 3 есе көп немесе республикада алынған сынамалардың 12 пайызына тең.
Аталған 1022 зертханалық сынаманың 27% нормаға сай емес болып шықты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада 7-орында. Бүгінде мердігер мекемелерден кеткен кемшіліктер қалпына келтірілуде.

Ақаулардың көбі аудан, қала әкімдіктерінің тапсырысымен жөнделіп жатқан елдімекен көшелерінде анықталады. Осыған орай, облыс әкімдігінде Ұлттық сапа орталығы, аудан, қала әкімдіктеріне қарасты салалық бөлім мамандарының қатысуымен жиналыс өтті. Онда кемшіліктерді шұғыл жойып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау керегі айтылды.
Сондай-ақ, жол сапасын арттыруға қатысты сұрақтар талқыланып, ұсыныс пікірлер тыңдалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *