Шымкентте майнинг фермаға ұрлыққа түскен күдіктілер 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Қаратау аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын жеке тұрғын үй ауласына орнатқан майнингке арналған 46 аппараттың қолды болғанын айтқан. Жәбірленушіге жалпы 44 млн теңге шығын келіпті.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу арқылы күдіктілер мінген көлікті анықтады. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, үш азамат қала аумағынан ұсталды.
Тергеу барысында олардың бірі бұрын майнинг фермаға электр қуатын жөндеу үшін барғаны және осы қылмысты жоспарлағаны белгілі болды. Содан криптовалюталарды жинауға арналған жабдықтың орналасқан жері туралы хабардар болған. Қасындағы серіктерімен түнде майнерлерді алып, ұрылар қылмыс орнынан «ізін суытқан».
Бүгінде күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеген. Сондай-ақ, үш ер адам ҚР ҚК-нің 188-бабында (Ұрлық) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ал, майнинг ферманы жүргізу жайты бойынша материалдарды Қаратау ауданы Полиция басқармасының тергеушілері Экономикалық тергеу департаментіне жіберді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *