Шардарада жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші қайтыс болды. Ал, бір тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды elinfo.kz тілшісі

Әлеуметтік желіде  «BMW 5251»  көлігінің жол бойынан шығып кеткендігі туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен сайға түскенін көруге болады.  Бірден тоқтап көмекке ұмтылған өзге көліктің жүргізушілері апатқа түскен BMW қаңқаларын әр жерден тауып алған.
«Оқиғаның толық мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *