«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалының жаңа директоры тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының бұйрығымен Шымкент қалалық филиалының директоры қызметіне Балмейір Сансызбайұлы тағайындалды.
Балмейір Сансызбайұлы 1993 жылы дүниеге келген. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітіріп, «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша диплом алған.
Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметінен бастаған. 2017 – 2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы қызметін жалғастырған. 2019-2021 жылдары Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2021-2022 жылдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *