«Жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді»

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен көлік комитетін бөлек шығарған жөн. Қоғамда жиі көтеріліп жүрген осы бастаманы жол саласында 40 жыл қызмет еткен Дәуітхан Шораш та құптап отыр. Жолшы- ардагердің айтуынша, еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне шамадан тыс «жүк артылған». Атап айтсақ, индустриялық-инновациялық даму, көлік және логистика, оның ішінде азаматтық авиация, тау -кен саласы, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы т.б салаларды қамтиды. Мұның бәрі бір министрлікке өте ауыр. » Мысалы, білім және ғылым министрлігін екіге бөлді ғой. Өйткені, Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектеп пен 10 мыңнан аса балабақша, ондағы 5 млн.ға жуық баланың мәселесі -бір бөлек, жоғары оқу орындарының контингенті мен ғылымды реформалау — жеке дара көңіл бөлетін мәселе екенін ұқты. Сол сияқты жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді. Бұған қосымша ресурс, штат керек емес. Дайын комитеттің еншісін берсе болды. Онсыз да 2015 жылға дейін көлік және коммуникация министрілігі бөлек еді. Сонда ғана Қазақстанның транзиттік потенциалы күшейеді, әсіресе жол саласындағы түйіткілдерді тезірек шешіледі, — дейді Дәуітхан Шораш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *