Шымкенттік 42 жастағы тұрғын өз үйінде жанып кете жаздады

Оқиға Қаратау ауданындағы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Үшінші қабаттағы үш бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі жиһаз және көрпе-төсек өртке оранған. Оқиға орнына жедел жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары, түтінге уланып қалған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып, қауіпсіз аймаққа шығарды.

«Түнгі сағат 00:05-те «101» басқару пультіне хабар түсті. Өрт сағат 00:27-де оқшауланып, сағат 00:37-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер зардап шеккен азаматқа қажетті көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», — делінген Шымкент қаласы қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *